Шымкентің шұрық тесік жолдарын жамала бастады

371

Шымқалаға көктем келгенін аңғартататын тағы бір жұмыс басталды. Ол шұрық тесік болған жолдарды жөндеу жұмыстары. Қала бюджетінен бөлінген 30 млн. теңге қаржыға «Береке» корпорациясы 14 көшені ағымдағы жөндеуден өткізбек. Мердігер компания жол жөндеу жұмысын сәуір айының 10 жұлдызына дайін аяқтауды жоспарлап отыр.

Таңертеңгі 8-ден жұмысын бастаған жол жөндеушілер түнгі 2-ге дейін 11 мың шаршы метр шұңқырларды жамап бітіруді жоспарлап отыр. Бұл іске 16 техника мен 28 жұмысшы тартылды. Қала көшелеріндегі орын алған уақытша көлік тығындарына жүргізушілер шыдамдылықпен қараса дейді құрлысшылар.

Мамандардың мәлімдеуінше, алдымен көлік көп жүретін қаладағы басты магистрал жолдар жөнделеді. Бұдан соң орам ішілік жолдарға кезек келеді. Биыл ағымдағы жөндеуге жататын жолдар, 2006 \2007 жылдары орташа жөндеуден өткен көшелер 2011 жылы 70 млн. теңгеге 35 мың шаршы метр жол шұңқыры жамалған болатын.