Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жұмысы тоқтап тұрған Шымкент қоқыс өңдеу зауытының құрылысы қайта қарқын алды. Қала бюджетінен бөлінген 438 млн. теңге зауыттың инфрақұрылысын салу басталды.

Зауыттың жалпы құны 1 млрд. 700 млн. теңгені құрайды. Ресейлік технологиямен салынатын зауыт жылына 200 мың тонна қатты тұрмыс қалдықтарын өңдейді. Бүгінде жер жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Өндіріс орнының темір қабырғалары толығымен жеткізілген.

Зауыттың ең маңызды бөлігі қоқыс жинайтын орын даярлау басталды. Италияндық цемент зауытымен келісім жасалған жағдайда, оларға қажетті жанармай өндіру қолға алынған кезде жиналған қоқыстың жоспарланған 30 пайызының орнына 90 пайызы өңделетін болады.