Шымкентте әскер қатарына шақырылушылардың 70 пайызының денсаулығы нашар. Қалалық қорғаныс басқармасының медициналық комиссия мүшелері осындай қорытындыға келді.
Дүйсенбі, 2- сәуір күні таңертеңнен басталған медициналық тексеру көпшіліктің көңілін көншітпей отыр. Дәл осындай нәтижемен Қорғаныс министрлігінің сұранысын қанағаттандыра алмай қалуымыз мүмкін деген де қауіп бар. Әскер қатарына шақырылатын 3000 жігіттің арасынан жоспардағы 400 сарбазды таңдап алудың өзі қиынға соғатын түрі бар.
Жанболаттың бұл екінші мәрте қалалық басқармаға келіп, әскерге кетудің әрекетін жасап жүргені. Бірақ медициналық комиссия оның денсаулығынан кінәрат тапты. Жігіттің күре тамыры кеңейіп, енді емделуіне тура келіп тұр. Дегенмен, араға уақыт салса да, Жанболат борышын өтеп қайтуға ынталы.
Тексеруден өтушілердің денсаулық жағынан кінәраты әр түрлі дәрежеде. Дегенмен, олардың арасында хирургиялық дертке шалдыққандардың қатары қалың. Оның үстіне биыл медициналық талап та күшейтілген. Құрамы қала әкімінің орынбасарымен толыққан комиссия осылай дейді.
Әскерге жіберуге дайындаудың екінші кезеңінен кідіргендер көп. Төрағаның айтуынша, медициналық тексеруден өткеннің өзінде, психологиялық сынақтан сүретіндер жетерлік. Айта кету керек, биыл министрліктен келген сұраныс былтырғыға қарағанда әлдеқайда көп.
Дегенмен, әскерге шақырылушы 3000 жігіттен 400-і талаптан өтеді деген үміт бар.