Балалар темір жолы жақында іске қосылады деген хабарлама құр қауесет болып шықты. Өйткені онда тындырылған бірде-бір тірлік жоқ. Еске сала кетейік, өткен жылғы жоспар бойынша мұнда керемет жөндеу жұмысы жүргізілуі тиіс болатын. Бірақ, оның бірін де мұнда көрмейсіз. Тапсырма солай деп, қауіпсіздік талабын сырып тастап, поезды жүргізетін болса, оған жауаптыларды қара басатыны анық.

Жаз жақындағанда балалар темір жолы іске қосылады делінген болатын. Алайда бүгінгі таңда сылағы түскен, ылғалданған бөлмеге қарап, күмән туады. Дегенмен, басшылық тарапы 1-ші мамырдан бастап поезд жүргізіледі деп сендіріп отыр. Поезды жөндеу жұмыстарын істеу өз алдына бір мәселе болса, жүргізушінің табылмай отырғаны екінші бір түйткіл.

Қамбарбек Есболғанов, темір жолдың директоры: Биыл бізге 5 млн. теңге бөлінді. Ондағы басты проблема пойыздың өзі. Электровоз 57 -жылы шығарылған. Қазір оларды жөндеп ретке келтіргендер бақилық болған.  Мамандар да даярланбайды».

Қазіргі жаңа басшынының алдында үлкен тапсырмалар тұр. Өткен жылмен салыстырғанда аз бөлінген қаржыға мердігерлердің бүлдіргенін қайта қалпына қалдырған.

Жолдың жыры бөлек тақырып. Өткен жылы рельс астына көлденең төселген келте ағаштардың көрінісі тозығы жеткен секілді күйде. Қазір директорды мазалаған бір бұл ғана мәселе емес.

Қамбарбек Жандарбековтың жоспары бойынша балалар темір жолы 1-ші мамырдан бастап іске қосылады. Алайда поездың қай бағытқа дейін баратыныны белгісіз. Өйткені, Тұлпар станциясы да қираған. Осы күйге қарап балалар темір жолының мамырда емес, маусымдада жүзеге асатынына күмән бар. Оған қоса қауіпсіздік шаралары да сақталмаған. Мәселен темір жолмен автокөлік жолы қиылысатын жерде бағдаршам да жоқ. Бар болғаны жолды көрсететін белгі ғана бар. Ал оған шымкенттік көлік жүргізушілерінің пысқырмайтынын қосыңыз.