Көпқабатты тұрғын үйлердегі әр пәтердің су есептегіш құралдарының көрсеткішін автоматты түрде абоненттің қатысуынсыз қашықтықтан тіркеп алатын 3000 құрылғы сатып алынады. Бұл шымкенттегі абоненттердің 100 пайызын қамтитын болады. «Су ресурстары маркетингі» ЖШС есеп берген жиында осылай деп мәлімдеді.

Басқосуға облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары мен ҮЕҰ-дың өкілдері, үй комитетінің төрағалары қатысты. Оңтүстікті сапалы таза сумен қамтамасыз ету жұмысын жандандыру мақсатында «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-і Израйль, Германия, Австрия сынды елдердің озық технологиясын игеруде.

2013 жылы модернизациялау жұмыстары толық аяқталу жоспарлануда. Ал былтыр 526 шаршы метр темір құбыр пластикке ауыстырылған. Десе де, басқосуға жиналғандардың ұсынысы да аз болған жоқ.

«Көктем, жаз мезгілдерінде әсіресе құбырларды ауыстыру сынды жөндеу жұмыстары басталатыны белгілі. Осы жөндеу жұмыстарын өзге де коммуналшылармен бірге жүргізсеңіздер екен. Тұрғындар қайсы құбыр қай мекеменікі екеніән айырып жатпайды ғой. Оса жұмыстарды қолға алсаңыздар екен»,-десті жиналғандар.

Шымкенттіктер жыл сайын 160 млн. кубаметр су пайдаланады. 146 мың абонент орта есеппен тұтынған су үшін 570 теңге төлейді екен. Бұл көрсеткіш коммуналшылардың еңбегінің жемісі дейді ОҚО тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдық ұйымының төрағасы Бегім Төлентай.

Бегім Төлентай: «Өткен жылы ешқандай арыз түспеген коммуналшылар осы «Су ресурстары маркетингі» ЖШС-і. Бұл үлкен баға. Үлкен ауқымдағы жұмыстар атқарылып жатыр. Елмен бірге етене жұмыс жасап,  бір орында тұрмай дамуды көздеген мекемелер дәл осылай жұмыс жасауы керек».

Өткен жылы мекеме жанынан құрылған «Мейірімділік» қоры есебінен ҰОС мен әлеуметтік аз қамтылған жандарға 11 млн. теңгеге  тегін қызмет көрсетілген. Бұл қорға су мамандары жыл сайын бір күндік айлығын аударып келеді.

Су есептегіш құралдарын ауыстыру, үй ішілік кәріз жүйесінің жөндеу жұмыстары сынды әрбір тұтынушы үшін маңызды сауалдар су тетігін ұсатағандардың алдында қызу талқыға түсті.