Енді судың ақысына борышкерлерді «Терминатор» жазалайды

441
Кәріз жүйесіне қарыз борышкерлердің құбыры бектіледі
Кәріз жүйесіне қарыз борышкерлердің құбыры бектіледі

Бұдан былай Шымкенттегі «Су арнасы» мекемесінің мамандары ауыз су және кәріз жүйесінің қызмет ақысын 2-3 ай төлемеген борышкерлерінің құбырын бекітпек. Коммуналшылар бұл қадамға тұтынушылардың дер кезінде төлемақы жасамағанынан барамыз деп отыр. Егер көпқабатты үйдің тұрғындары мекеменің ескертуінен кейін 2-3 күн ішінде өтемақы жасамаса, сол пәтер кәріз жүйесінен «Терминатор» құрылғысымен ажыратылады.

Кәріз жүйесіне қарыз борышкерлердің құбыры бектіледі
Терминатор шатырдан кәріз құбырымен қажетті жерге дейін түсіріліп, құбырға бекіткіш орнатады

Күні кеше «Су арнасы» мекемесінің мамандары Суриков көшесіндегі № 3 үйдегі ауызсу және кәріз жүйесі үшін төлемақы жасамаған пәтердің кәріз құбырын бекітуде. Шаһарда халық санының артуымен төлемақы жасағысы келмейтіндердің қарасы артқан көрінеді.

Болат Есімханов, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС учаске инженері: «Біздің қалада судың ақысын 2-3 ай төлемейтін борышкерлер көбейіп жатыр. Біз солармен күресу үшін «Терминатор» құрылғысын ғаламтор арқылы іздеп тауып, Ресейдің Пермь қаласынын алып келдік. Бұның тиімділігі көп. Қазір қалада тұрғындар көпқабатты үйлерді жалға беріп жатыр. Біз барғанда ашпайды, үйіне кіргізбейді. 3 күнге ескерту береміз. Сол уақытта ақысын төлемесе шатырға шығып, кәріз жүйесіндегі трос арқылы монитормен бақылап, дәл сол пәтердің құбырын бітейміз».

Басында және жанында арнайы бейнекамерасы бар «Терминатор» құрылғысы ТМД елдерінде кеңінен қолданысқа еніп кеткен. Ал Қазақстанда Астана, Алматы және Қарағындыдан кейін Шымкентте пайдаланылуда. Енді ауызсу және кәріз жүйесі үшін қарызы барлардың кәріз жүйесі осы құрылғымен бекітілетін болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KLY2UXZ8OuQ[/youtube]

Салмағы 50 келіні құрайтын құрылғы 1,5 миллион теңге тұрады. «Терминатормен» 12 қабатты үйдің шатырынан 1-қабаттағы пәтердің кәріз құбырына дейін жетіп, бекітуге мүмкіндік бар. Мұндай қадамды тұрғындар да қолдайды.

Тойшиев Мәриям, тұрғын: «Су мамандарының әрекеті дұрыс. Әркім өз проблемасына жауап берсін. Енді мекеме қызмет жасап тұрған соң төлеу керек қой?»

Имбетова Алтынай, тұрғын: «Қарызын төлемесе, негізі, өшіріп тастау керек. Ай сайын төлеп, қарызсыз жүру керек деп ойлаймын.»

Осы арада айта кететін жайт, кәріз жүйесінен ажыратылған абонент оны қайта қостыру үшін 10 мың теңге көлемінде шығындалады. Сондықтан мамандар уақтылы төлем жасауға кеңес береді.