Түлкібас, Төлеби күткен миллиард Мақтаралға кетті

201

Облыстық мәслихаттың 3-сессияның қарауына ұсынылған 2 мәселенің бірі- 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау. Оның көлемі нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің және бюджет қаражатының бос қалдықтарын бағыттауы есебінен жалпы 8 млрд.125 млн. теңге ұлғайды.

Депутаттардың назарына іліккен күрделік- өңірге бөлінген 1 млрд.-тан астам қаржының республикалық бюджетке қайтарылуы.  Қысқартулар Түлкібас ауданындағы екі елдімекен және Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласын ауыз сумен қамту жобалары бойынша жасалған. Бөлінген 1 млрд.-тан астам қаражаттан 680 -млн.-ын қайтару, жобаның биылда жүзеге аспауына негіз дейді 22 мың халқы бар Түлкібас ауданынан сайланған депутат.

Келесбек Жартыбаев, облыстық мәслихаттың  депутаты: «Жоба 2003 жылы басталды, да аяқсыз қалды. Одан кейін  оған бірнеше рет  оралған  болатын , алайда тек 2011 жылы  жоба толығымен   дайындалып, алдын 1 млрд. құны да белгіленген болатын. Бірақ бюджетті нақытлау барысында  жобаны жүзеге асыруға 320 млн. дай қалдырылыпты. Халыққа не айтамыз. Олар жылдың соңына дейін суға қол жеткіземіз деп үміттеніп отыр ғой».

Кешегі тұрақты комиссиялардың отырысында және бүгінгі сессияның барысында талқыланған қысқартулар бойынша кім ұсыныс бергені құпия күйінде қалды.

Әбілқасым ДОСБОЛОВ, облыстық мәслихаттың депутаты: «Мен сенатор Қуаныш Айтахановпен  хабарласқан едім. Ол кісі бұл мәселе шешілді деді. Министрлік екі ауданға бөлінген қаражат есебінен үнемделген қаржыны үшінші Мақтаарал ауданының пайдасына шешіпті. Егерде министрлікке өңірден ұсыныс түспесе, олар қай нысанға   бағыттау қажет екендігін білмейді  емес пе?»

Жоспарға енгізіліп, жобалық сметалық құжаттары жасалып, құрылыс бастайын деп отырған тұста қомақты қаржыны Мақтарал ауданының пайдасына шешу -ойландыратын жәйт деген пікірлер де айтылды.

Шәріпбек ЖАМАЛБЕК, облыстық мәслихаттың депутаты: «Ұсынысты экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы да, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы не  әкімнің бірінші орынбасары бермесе кім берді».

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, облыс әкімі: «Егерде бұл мәселеге менің орынбасарларымның , не басқарма басшыларының қатысы  белгілі болса, шара көреміз. Мұны былай қалдырмаймын».

Қысқартуды кім ұсынғанын депуттардан жасақталған арнайы комиссия анықтайтын болады.