Сәуірдің бірінен бастап Республикадағы барлық теміржолдарда билеттер құны қымбаттады. Осыған байланысты, бүгінде Шымкент теміржол вокзалында барлық бағыттағы пойыз билеттерінің құны 10 пайызға жоғары сатылып жатыр. Билеттерге қатысты жаңа тариф пойыздың плацкард, купе, жатын вагондарына бірдей қолданылады.
Мәселен, Алматы бағытындағы «Отырар» пойызының плацкартына жолаушылар бұрын 1950 теңге төлесе, қазір ол үшін 2145 теңге қаржы шығарады. Айта өткен жөн, бүгінгі таңда Шымкент теміржол вокзалынан тәулігіне 16-17 пойыз қатынайды.
Эльмира АМАНБАЕВА, Шымкент теміржол вокзалы бастығының көмекшісі: «Тек «Шымкент-Алматы» бағытына қатынайтын №59-60 пойыздарға ғана бұл тарифтер қолданылған жоқ. Себебі, ол бағыттағы пойыздардың билетінің құны бұрыннан-ақ жоғары болатын».