Енді пойыз билеттері жаңа ереже бойынша сатылады

269

Елімізде пойыз билеттерін сатып алуға қатысты жаңа ережелер пайда болды. Бұл түзетулерді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінделер енгізіп отыр. Енді теміржол билеттерін сату пойыздың жөнелтілуіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.

Енді қазақстандықтар темір жол билеттерін жаңа ереже бойынша сатып алады. Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі билет сату жүйесіне өзгерістер енгізді. Қала маңындағы пойыздар үшін билеттер 10 күннен 1 күнге дейін сатылымда болады.

Нариман Дүйсекеев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы: «Вагондарының айналымынан жөнелтуге дейін кемінде 45 тәуліктен бір тәулік, аралық станциядан сату режиміне немесе орындардың болуына байланысты өзгереді. Бұрын бұл мерзім 45 күннен бастап пойыз жөнелтілгенге дейінгі мезетті қамтыған».

Жаз айларында пойыз билетін сатып алу немесе алмастыру өте қиын болмақ. Себебі адамдар демалыс мезгілінде түрлі бағытта жол жүретін билеттерді ертерек сатып алуға тырысады. Билетті алдын ала сатып алу қаржыңызды үнемдеуге көмектеседі. Өзіңізге қажетті бағыттағы билетті теміржол кассаларынан немесе онлайн 45 күн бұрын сатып алуға болады. Сонымен қатар енді электрондық билетте жол жүру құжатының сериясы немесе нөмірі көрсетіледі.