Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағында тәртіпті күшейту керек. Жерлестеріміз жаңа нысандағы түрлі дүниелерді жайратып кеткен. Олар демалыс орнына түрлі түсті бояу заттарын әкеп, шырайы кеп тұрған элементтердің шырқын бұзып жатыр.
Саябақтың меңгерушісі Шолпан Ембетова әрдайым өзінің жанында бояу мен шүберегін ала жүруді дағдыға айналдырды. Олай етпеуге шара жоқ. Бүгінгі жастар өздерінің махаббат сезімдерін кез-келген жерде бояумен жазу арқылы білдіруге көшіпті.
Аумағы 8.2 гектар жерді алып жатқан саябақтың құрылысына бюджеттен 807 млн. тенге қаражат бөлінген. Мұнда алып бәйтеректен бөлек жүздеген шағын сәулет үлгілері бар. Субұрқақтарды қалпына келтіріп іске қосу жұмыстары жасалып жатыр.
Түрлі гүлдер егіліп, мамыр айында саябақтың құрылысы толығымен аяқталады. Ал оған дейін жүгенсіз кеткен жастар біткен істі бүлдірумен әлек. Жасыратындығы жоқ, мұнда 24 сағат бойы полицейлердің қадағалауы ұйымдастырылған. Бірақ, олардың бұл әрекетінен еш пайда болмай тұр. Соған қарағанда, тек әкімшілік шара қолданумен бірге, жастар санасын өсірген жөн секілді.