Қала әкімдігі өткен жылы басталып, құрылысы аяқталған жұмыстарды қайта тексермек. Бюджеттен бөлінген 1 миллиардтан астам қаржыға шахарда 25 балалар ойнайтын алаңшалар салынып, аулалар абаттандырылды. Өкінішке орай арада жыл өтпей, жасалған жұмыстар зая кетті.
Аула тұрғындарының шағымымен келген қалалық мәслихаттың депутатары құрылысты жүргізген мердігерлерге кемшілікті шұқып көрсетіп кеткен болатын. Алайда бір аптаға мерзім алған құрылысшылардың түк бітірмегені биыл белгілі болды. Мердігер «Реал строй» ЖШС өткен жылы 13 ауланы абаттандырған болатын. Енді сол аулалардағы кемшіліктердің бәрін жоюы тиіс.
Тапсырыс берушілермен жасалған келісім-шартта екі жылға кепілдеме көрсетілген. Бір қызығы тап осылай көпшілікті шулатып жүрген мекеме биыл да мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, тапсырыс алыпты.
Бір қызығы құрылысқа тапсырыс беруші қала әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мамандары абаттандырылған 250 ауланы аудан әкімдіктерінің балансына өткізіп қойдық деп ағынан жарылып отыр. Ал аудан әкімдігі хат келгені рас, алайда қабылдау актісі болмады дейді. Осылайша қыруар қаражат жұмсалып жасалған жұмысқа жауаптылар жоқ болып шықты.