«ҚазМашинери» компаниясы автокөліктерді техникалық байқаудан өткізеді

«Шымкент-Моторс» компаниялар тобына кіретін «ҚазМашинери» компаниясы автокөліктерді техникалық байқаудан өткізетін қондырғыларын таныстырды. Ресейден жеткізілген бұл құралдар американдық және неміс өндірушілерімен бірігіп жасалынған. Сонымен қоса кәсіпкерлер назарына техникалық қызмет көрсету бекеттері мен дөңгелектерді монтаждауға қажетті құралдар да ұсынылды.

Бұл жаңалық облысымыздың кәсіпкерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іскер азаматтар шетелдің жаңашыл техникаларымен мұқият танысуда. Мұнда кәсіпорын ашуға қажетті жабдықтардың барлығы бар.

Бұл таныстыру рәсіміне ресейлік «НовГАРО» ЖАҚ-ның да өкілдері келді. Бұл зауыт «КазМашинери» компаниясымен ежелден әріптес мекеме болып табылады. Сала мамандары осынау жабдықтардың сапасы өте жоғары екенін баса айтуда.

Кәсіпкерлер мұнда тек техникалармен танысу үшін ғана келген жоқ. Бір сағатта жуық уақыттың ішінде бірнеше келісім-шарт жасалып та үлгерді. Таңдау жасаған азаматтардың көңілдері тоқ.

Автокөліктерді техникалық байқаудан өткізуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге немесе дөңгелектерді монтаждауға қажетті жабдықтардың барлығын да «КазМашинери» компаниясынан алуға болады. Оның кеңсесі Қожанов көшесі, 1-де 1-ші үйде, облыстық жол полициясы басқармасының жанында орналасқан.