«Үздік провизор» анықталды

292

16-маусым — медицина қызметкерлері күні. Атаулы датаға орай ақ халаттылар түрлі сала бойынша өзара үздіктерді анықтауды бастап жіберді. Облыстық жыл провизорлары байқауы осы атаулы датаға орайластырылған. Дәріхана мамандарының қандай сынақтардан өткенін бізде көріп қайтты.

Иіс сезіп, дәмін тату арқылы қандай дәрі екенін анықтап беру — провизорлар арасында өткен сайыстың бір ережесі ғана. Кардиологиялық орталықтың дәрі-дәрмек маманы Лаура Ержанова бұл сынақтан мүдірмей өтті. Оның айтуынша, мұндай жарыстың орны бөлек, маңызы ерекше.

Лаура Ержанова, провизор: «Провизор деген дәрі жайында барлық мәліметті білуі керек. Оның үстіне бәсекелестік деген жақсы ғойц. Сапа да жақсарады».

Кәсіби шеберлік сынға түскен байқауға облысымыздың білікті провизорлары қатысуға ниет білдірген. Тіс қаққан кәсіби мамандардың мүлтіксіз бақылауымен «Зерде», «Еврофарма», «Никфармритейл» секілді мекемелер мен кардиологиялық орталықтың провизорлары тест сауалдарына жауап беріп, дәрі-дәрмектің сақталуы, қай науқасқа қанша мөлшерде беру керек деген сауалдарға жауап берді. Яғни, дәріхана қызметкерлері шеберлігінің бір қалыпта тұрып қалмай, дамыту — басты мақсат.

Ляззат Қашқымбаева, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО бойынша департамент директоры: «».

Жеңіске жеткен провизор 11-маусымда Астанада өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Онда еліміздің барлық аймақтарынан жиналатын дәрі мамандары арасында Оңтүстіктің намысын қорғайтын болады.

Байқауда «Зерде» компаниясының провизоры топ жарып, тоңазытқышқа ие болса, «Еврофарма» дәріханасының маманы кір жуғыш машинаға қол жеткізді. Ал кардиологиялық орталық провизоры үшінші орыннан көрінді.