Шымкентте тұрып, құжаттарымызды қалалық тұрғын ретінде заңдастыра алмаймыз. Арнамызға хабарласқан тұрғындар өз мұңын осылай шақты.

2007 жылға дейін Сайрам ауданына, ал бүгінде облыс орталығына қарасты Бадам ауылында тұратын жерлестеріміз мәселемізді айтып, қай мекемеге барсақ та, шешім шығар емес деп қынжылады. Олар жақында өздері үміт артып, сайлаған депутаттардан көмек сұрапты. Жауапты мамандар болса, тұрғындарға әзірге жерлеріңізді жалға берілді деп қана рәсімдей аламыз деп отыр. Ал Бас жоспар бекітілсе, мәселенің басқаша өрбитініне күмән жоқ.

Өз меншігіндегі жерінің құжаттарын заңдастыра алмай жүрген жандардың бірі 40 жыл бойы Бадам ауылында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан Әбдінәби Акрамов ақсақал. Бұрын Сайрам ауданының қарамағында болған жер құжаттарында проблема туындамаған.

Шымкент қаласының аумағына өткен бұл елдімекен тұрғындары енді ескі құжаттарды жаңартуы тиіс. «Алайда, 2007 жылдан бері аталған проблема шешілер емес, керісінше, оның түйткілі көбейіп кетті»,-дейді ақсақал. Сайрам ауданында жер телімі жеке меншік деп жазылса, енді ол құжаттарға 10 жылға жалға берілген деп өзгертіліпті.

Бадам ауылында Әбдінәбі Акрамов секілді азаматтар көп. Барлығы құжаттарын заңдастыра алмай жүр. Шымкент қалалық жер қатынастары бөліміндегілер үй құжатарын 7\10 күнде жаңартамыз, ал жалға беру құрылыс өзен жағалауына жақын орналасқанынан туындауда деп түсіндіруде .

Өзен жағалауына салынған барлық үй құжаттары заң жүзінде уақытша деп беріледі. Ол қорғалу аймағы болғандықтан өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сол себепті берілген мерзім өтісімен оны қайта создыру қиын емес.

Сайрам ауданынан Шымкент қаласының еншісіне 2007 жылы 4640 гектар жер телімі өткен. Мұндағы тұрғындардың үй құжаттарының әрқайсысы әр түрлі. Сол себепті сала мамандары әрбір арызға жеке тоқталып шешкен жөн дейді. Оның үстіне, қаланың бас жоспары әлі бекітілмеген.