Шымкентте мотоцикл жүргізушісі көлікке соқтығысып, қаза болғанын айтқанбыз. Мамырдың 28-іне түнгі сағат 23-30 дар шамасында тіркелген жол көлік апаты Тәуке-хан даңғылы бойында орын алған. Куәгерлер БМВ көлігінің қашып кеткенін айтқан. Мотоцикл жүргізушісі тіл тартпай қаза болды. Ал бүгін полицияға сол БМВ көлігінің жүргізушісі кінәсін мойнына алып, өзі келіпті. 22 жасар жігіт Ордабасы ауданы, Шұбарсу елдімекенінің тұрғыны екен. Сақшылар істі тергеп, сараптама жасауға кірісті.