«Нұртас» шағынауданының тұрғындары аптап ыстықта ауыз судың зардабын тағы да тартамыз ба деп алаңдап отыр. Амалы таусылған олар тілшілерге соңғы үмітпен хабарласты. Жақында ғана осы шағын ауданның бір бөлігіндегі тұрғындарға ауыз су беріліп, ал келесі бөлігіне құбыр тартылып электр бағаналары қондырылған. Алайда әзірге жарық та, су да жоқ.

«Нұртас» шағынауданы тұрғындарының тіршілік көзі құдық. Бір шағын ауданда тұрып бір бөлігі құбырдан таза су, екіншісі құдық суын ішкен қызық дейді көпшілік. Ал жарық жүргіземіз деген мердігерлер бағаналарды қалай болса солай қисық қыңыр қойылыпты.

Алайда аудан әкіміндегілер жақын уақытта судың да, жарықтың да мәселесі шешіледі дейді.

Нұртастық тұрғындардың арманы-аптап ыстықта салқын таза су ішіп қара түнектен құтылу ғана.