Қауынға қауіп бар. Биыл облыс агрономдарының еңбегі зая кетуі ғажап емес. Зиянкес қауын шыбыны облыс аумағына тез таралуда.
Егер өткен жылы жәндіктің салдарынан Мақтаарал ауданының өзінде 400 гектар бақша өнімдеріне зиянын келтірсе, бүгінгі таңда қауын шыбыны Шардара, Арыс, Түркістан және Отырар аудандарынан да табылған.
Зиянкес жәндіктер бізге оңтүстік облыстардан келуде. Олар қауынды ғана емес, қарбыз бен қиярды да зақымдауда. Залалсыздандыру жұмыстары айдың соңында басталады.