Дәл осы сағаттарда «Отырар» телеарнасы мен «Оңтүстік Рабат» газетінің ғимаратында басылым редакциясы өз оқырмандарымен жүздесіп жатыр.

Бүгін — «Оңтүстік Рабатқа» жеңілдікпен жазылу күні. Сондай-ақ, түрлі сыйлықтарға қол жеткізіп, мамандардан пайдалы кеңес алуға болады. Сағат 10-нан бастап, 15-00-ге дейін редакцияға келіп, басылымға жызылыңыздар!

Алғашқы оқырмандар келіп, жазылып үлгерді. Олар өз сыйлықтарына қол жеткізді. Сондай-ақ, тиісті сұрақтарыңызға халықты әлеуметтік қамту саласының мамандарынан жауап алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Сіз де келіңіз!