«Ордабасы»-«Ақжайық»

304
"Ордабасы"-"Ақжайық". 2:0

Ел чемпионатының 9-тур ойынында ордабасылықтар өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» қабылдады. Ойынның алғашқы таймында қос команданың футболшыларына да қақпаға гол соғу бұйырмапты. Шабуылдар сәтсіз, ал қақпашы ептілік танытты. Ал трибунаға жиналған жерлестеріміз есептің ашылуын тағатсыздана күтуде.

Ойынның 47-ші минутында  Дәуренбек Тәжімбетов командасын алға шығарып, жанкүйерлердің үмітін ақтады. Қақпаға алғашқы гол соғылып, есеп ашылды.

Турнирлік кестенің бірінші сатысына орналасқан Оралдық құрама Шымкентке жеңіс үшін келгені жасырын емес. Алайда жергілікті команданың шабуылдары қонақтардың жүйкесін әбден тоздырды. Оның үстіне араға 9 минутты тастап, қақпаға екінші гол соғылды.

Бұл жолы да Дәуренбек доп соқты. Биылғы маусымдағы 4-ші голын қақпаға кіргізген ордабасылық шабуылшы осылайша «Ақжайық» футболшыларының үш ұпайға деген үмітін біржолата өшірді.

Әзірге Ордабасылықтар алтыншы орында. Ал «Ақжайықтың» футболшылары Шымкенттегі сәтсіздіктен кейін, екінші сатыға түсіп қалды. Енді келесі ойын мамырдың 12-сіне алматылық «Қайратпен» оңтүстік астанада өтеді.