Шымкентте Super Bol әлеуметтік жобасының гранд-финалы өтті

2

Шымкентте Super Bol әлеуметтік жобасының гранд-финалы өтті. Бұл жолы жобаның ауқымы кеңейе түскен. Кәсіби спортшы болуға Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген әуесқой футболшылар да мүмкіндік алды. Футбол матчы 3-1 есебімен аяқталып, жеңімпаздар енді әлемдік футбол аренасында бақ сынамақ.

Super bol әлеуметтік-спорттық жобасының гранд-финалы Шымкентте өтті. Әуесқой футболшыларды кәсіби матчқа дайындайтын жарыс биыл осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы еліміздің спортшыларымен қатар, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген әуесқой футболшылар да кәсіби спортшы болуға мүмкіндік алды.

Нұрсұлтан Құрман, Қазақстан футзалы қауымдастығының вице-президенті: «Аты аңызға айналған қос бірдей бапкер Вазид Масудов пен Агайя есімді екі бапкер бір ай бойы балаларды дайындады. Ондай көптеген кәсіби футбол командаларында жоқ. Спортшылар үшін медиа жағынан күшті қолдау болды» 

Дэвид Лория, Super Bol жобасының бас менеджері: «Түркиядан, Ресейден, Таиландтан, Кореядан, Беларуссиядан 12-ге жуық скаут қатысады. Өзбекстаннан да спортшылар келді. Қазақстандық клубтар біздің балаларымыздың ойынын тамашалауға келді. Арасында Футбол клубтарының директорлары да бар. Олар ең жақсы жігіттерді таңдайды деп үміттенемін»

Финалдық матчтың құрметті қонақтарының қатарында әлемдік футбол жұлдыздары Халилу Фадига мен Флорен Малуда бар. Super Bol бірегей және ауқымды спорттық жоба. Жас спортшылар үшін бастапқы алаңды ұсынуды мақсат еткен ойында әуесқой футболшылар түрлі кәсіби тактикалық схемаларды үйренеді.

Асқар Омаров, «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры: «Бұл жобаның ерекшелігі-мұнда бюджет қаражаты жұмсалмайды. Бірақ мемлекет оны саяси жағынан да, ұйымдастырушылық жағынан да қолдайды. Бұған дейін финал Астанада өткен. Биыл Шымкентте өтіп отыр»

Равшан Ирматов төрелік еткен Матчта Вахид Масудовтың командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. super Bol тарихы мұнымен аяқталмайды. Жоба әлі алда бұқаралық спортты дамыта бермек.