Әл Фараби аудандық санитар дәрігерлер қоғамдық тамақтану орындарының иелеріне жапай уланудың алдын алуды үйретуде. Бұл семинарға мейрамхана-кафелер мен тәтті тағамдар пісіретін орындардың иелері мен жетекшілері қатысуда.

Мұнда клиенттердің өздері әкелетін тез бұзылатын тағамдарды қолданбау, тоңазытқыштарды үнемі қосып отыру қажеттігіне баса назар аударылды. Енді бұл тәртіптер бұзылған жағдайда санитарлық қадағалаушы дәрігерлер қатаң жазалайтын болады.

Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында кафе-мейрамханалар тағы да тексерілетін болады. Сол кезде кімнің ережені қатаң сақтап, кімнің өз клиенттеріне немқұрайлы қарайтыны белгілі болмақ.