Шымкентте 22 жастағы қыз жүк пойызының астына түсіп, мерт болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға 15-мамыр күні сағат 12. 23-те Шымкент қаласында Қорғасын-Шымкент өткелі, № 4 пикет, 3285 шақырымында орын алған.
1990 жылы туған Ф.Оспанова № 2010 жүк пойызының астына түсіп, оқиға орнында қаза тапты.