Оңтүстіктің гран при халықаралық жарысымен қаланың ашық біріншілігі. Бұл жолы мергендік танытуға Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның спортшылары келіпті.
Бұл жолғы турнирде шымкенттік мерген Луиза Сайдиева алтыннан алқа тақсам дейді. Осыған дейінгі жарыста бойжеткен 1307 ұпайға қол жеткізіп халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған болатын. Бапкерлер спортшыға арнайы куәлігін де табыстады.