Шымкенттегі жарыста автокөлікті түркиялық палуан жеңіп алды

234
Нұрмахан Тыныбаев кезекті рет ептілік танытты

10 елдің 250 палуаны Шымкентте ептілік танытты. Академик Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған 19-шы турнир биыл жеңілатлетика манежінде жалауын көтерді.

Халықаралық доданың жеңімпазы атану мақсатында Қытай, Грузия және Түркиядан да грек-рим күресінің мықтылары арнайы келіпті. Өйткені, биыл Мардан ағаның көзі тірі болғанда 70 жасқа толар еді. Оның шәкірттерімен жолдастары ауыр салмақтағы палуандарға сый жасап отыр. Жеңімпаз жеңіл автокөлікке ие болды.

Ал 55 келі салмақта топ жарған спортшыға Сапарбаевтар әулетінен де арнайы сый бар.  Бұл жолғы байрақты жарыста Лондон Олимпиадасына жолдама иегерлері де ептілігін сынға салды. Биылғы доданың да ерекшелігі осында болды. Турнир дүбірлі жарыс алдында дайындық дейді бапкерлер.

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада ойындарының жүлдегері: «Төрт жылдың басты жарысы алдында бұл турнир палуандырымыздың дайындығы деуге де болады. Маңызы зор жарыс. Мен үшін орны бөлек. Өйткені, Мардан Сапарбаевтың менің де жеңістеріме қосқан үлесі көп. Жеңістерімнің басым бөлігі осындай азаматтардың арқасы деп білемін».

Нәтижесінде 55 келі салмақта түркиялық Рүстем Халлет жеңіл автокөлікке ие болса, 120 келі салмақта Нұрмахан Тыналиев мықтылық танытып, көлікке мінді. Ал оңтүстіктің палуаны Шыңғыс Сыздықов өз салмағында топ жарса, тағы бір жерлесіміз күмістен алқа тақты, сондай ақ облыс қоржынына тағы екі қола медаль салынды.