Шымкенттік мектептерде агроөнеркәсіп қолға алынды

274
Мектеп оқушылары агроөнеркәсіпті меңгеруде

Шымкенттіктер мектеп оқушыларының талаптығымен мақтануға көшті. Себебі, оқушылар ғылыми-тәжірибелік сауаттарын арттыруда.

Мектеп оқушылары агроөнеркәсіпті меңгеруде

Мәселен №77 мектепте 7-сыныптан бастап агроөнеркәсіпті оқуда. Қазірдің өзінде агроөнеркәсіп турасында анықтамалық-теориялық сабақтар өтіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылады. Арнайы жылыжайлар орнатылып, 35-35 жылылықта “Бойлер” жылыту қазандығы жұмыс жасауда. Сондай-ақ бүгінде қызынақтың 3 сұрыпын алаңсыз күтіп-баптаса, келесі алаңшада болашақ агроном болуды көздеген шәкірттер бидайдың 4 сұрыпын өсіріп, қадағалауда. Бұларды тек өсіріп қана қоймай, пайдалы жағдайларын жасауда да белсенділік танытуда.

Қалалық білім бөлімінің бастығы Жанат Тәжиеваның айтуынша, қаламдағы 25 мектепте осындай жылыжайлар орнатуға болады деп қаралғанымен, дәл қазіргі уақытта 13-де ғана осындай жағдай қарасырылып, қолға алынған. Қызанақ пен қиярдың түрлі сұрыптарын табасыз мектептерден.

Жанат Тәжиева оқушыларды агроөнеркәсіпке баулуда

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім бөлімінің бастығы: «Біз 1 жылдың көлемінде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс жасадық. Қаламыздағы 2 бірдей мектепте қызанақ қызаруда, ал өзге де мектептерге қияр өсірілуде. Мектеп ұстаздары мен оқушыларының еселі еңбегі нәтижесін беріп жатыр. Қалалық оқушылар жылыжайда жұмыс істеу арқылы “жұмыс жасау деген не?” екенін біледі, сондай-ақ ауылшаруашылығынан хабардар болады».

Бұл жылыжайлардың құрылымына, ұрықтарды сатып алуға әрбір мектепке жергілікті бюджеттен бір миллион үш жүз мың (1 300 000) теңге қаралған. Сондай-ақ басшылық жуырда өзге де 12 мектепке осылай жағдай жасалынады деп жоспарлауда. Егер де оқушылар осылай белсенділік танытып, еңбексүйгіш болса онда бұл жылыжайдың көлемі кеңейеді. Осылайша қаладағы барлық мектептерге кіші-жылыжайлар орнатылмақ.