Тозығы жеткен кәріз жүйелерін жаңалау жолы табылды

240

Шымкентте тағы бір проблема бар. Тозығы жеткен кәріз жүйелері мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Ал су тетігін ұстаған «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-і басшылығының көпқабатты үйлердің кәріз жүйелерін жаңалау бағытында атқарылатын жұмыстарға өз тұжырымдамасы бар. Биыл аталған мекеме қалалық әкімдік пен «Оңтүстік» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясына ұсыныспен шығып отыр. Абоненттердің келісімімен тозығы жеткен кәріз жүйелерін жаңалаудың жолын таптық дейді олар.

Анарбек Орман, «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нің директоры: «Қазір мемлекет ТҮКШ модернизациялау жүйесіне қомақты қаржы бөліп отыр. Тек біздің ОҚО-на биыл 2 миллиард теңге бөлінген. Ал біз өткен жылы осы бағдарламаға бағытталған 300 млн. теңгені игерген жоқпыз. «Су ресурстары маркетингі» қалалық әкімдікке және ӘКК-на ұсыныспен шықтық. Егерде тұтынушы келіссе, көпқабатты тұрғын үйлердегі тозығы жеткен су құбырлары мен ескірген кәріз жүйелерін ауыстырып берер едік. Ал несиелік ресурстарды тұтынушы емес, біз төлейтін боламыз».