Жақында шымкенттіктер жаяу жүреді

139
қоғамдық көліктердегі көрініс

Таңертеңнен қала тұрғындары ұзақ уақыт аялдамаларда тұруға мәжбүр болды. Өйткені, автобустардың 70 пайызы ғана бағытқа шыққан. Көлікшілер қосалқы бөлшек пен жанар жағармай бағасының қымбаттауы шығынды ақтамайды. Бұл мәселе шұғыл түрде шешілмесе, жақын күнде шымкентікттердің жаяу жүруі ғажап емес деп отыр.

Онсызда аялдамада кейбір бағыттағы көліктерді сағаттап күтетін жолаушылардың енді жаяу жүруі де ғажап емес. Мәселе шешілмесе олардың қатары алдағы уақытта көбеймесе азаймайды деп отыр көлікшілер. Ал автопаркте жүздеген автобустар қосалқы бөлшектердің қымбаттығынан қаңтарылып тұр. Бүгінде 103 бағыттың көліктері қызмет көрсетуге дайын емес.

Шымкент қаласындағы жолаушылар тасымалындағы бағаны қайта қарау жөніндегі мәселенің көтерілегеніне екі жыл болды. 2011 жылдың қыркүйек айында қалалық мәслихаттың депутаттары көлікшілердің ұсынысын қолдап, жол ақысын 35-тен 50 теңгеге көтеруге келісімдерін берген болатын. Алайда арада өткен 10 айда өзгеріс орын алмады. Есесіне бағыттағы көліктердің саны кеміді.

«Южавтотранспорт» қауымдастығының айтуынша, 2008 жылдан бері қосалқы бөлшектер 100 пайызға, жанар майдың бағасы бірнеше есеге қымбаттады. Нәтижесінде көлік қатынасындағы жиілік 65 пайызға төмендеген. Осы уақыт аралығында өзге қалалардағы жол жүру құны бірнеше рет қайта қаралған.

Алматыда 1-маусымнан бастап жол ақысы 80 теңгеге көтеріліп, көліктегі қызметтің сапасын жақсарту жоспарланып отыр. Ал бізде жағдай өзгеріссіз. Нәтижесінде сағаттап күткені аздай, бір көлікке тығылысып зардап шегетін жолаушылар болып қала бермек.