Екі күнен бері тазалықпен айналысатындар қаладан шықан қоқыс қалдықтарын қайда тастарын білмей дал болды. Ташкент бағытындағы жаңа қоқыс полигонының құрылысы аяқталған жоқ. Ал ескі полигонды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Оның үстіне осы ескі полигон жанындағы уақытша қоқыс тасталатын орын бірнеше күн бойы көк түтінге оранып айналадағы тұрғындарды тұншықтырда қоқыс алаңына жауаптылар өрті өшіру жұмыстарына кірісіп қоқыс қалдықтарын полигонға кіргізбеді. Нәтижесінде тұрмыстық қалдық артқан көліктер полигонда жағалап жүр.