Әкесі жанармай құйып өртемек болған 7 жасар бала есін жинап, сөйлей бастады

Бұл қайғылы жағдай қаламыздағы Қапал батыр көшесіндегі көпқабатты үйде орын алған болатын.

30 жастағы азамат жұбайымен ұрысып қалған соң ашуланған күйі баласы, әйелі мен өзінің үстіне жанармай құйып, от қойған.

Қазіргі уақытта денесінің жартысынан астамын күйік шалған балғынның жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер. Ал оның ата-аналары әлі де ауыр халде жатыр.