«Армандастар» елге жеңіспен оралды

385
"Армандастар" би ансамблі елге жеңіспен оралды

Өткен аптада «Таңшолпан» байқауының бірінші орнын қанжығасына байлаған «Армандастар» би ансамблі халықаралық би бәсекесінен 2-орынды қанжығасына байлап келді. Анығырақ айтсақ, Түркияның астанасы Анкарада болған өнер байқауынан жүлдемен оралды. Сондай-ақ кеше  ғана елімізде өткен «Ақ көгершін» халықаралық  өнер сайысында да 2-орыннан көрінді. Бұл аз десеңіз, облыстың  намысын қорғаған сайыстардың ешқайсысынан құр алақан қайқан емес. Бұл да болса «Армандастардың» 13 жылдық тәжірибесінің жемісі болса керек. Қазақстанның жұлдыздарына айналып үлгерген  би ансамблі Шымкенттегі №72 мектептің шәкірттерінен құралған. Құрамында 12 биші бар. Барлығы да «Армандастар» би тобына 7 жастан бастап қабылданған. Топтың белсенді бишілері осындай бедел мен өнерге ие болғаны үшін ұстаздары, белгілі хореогроф Гүлжан Сақаловаға алғыстарн айтты.

Гүлжан Сақалова — облысымызға белгілі, талантты хореограф. 1999 жылы  қаламыздағы №72 мектепке жұмысқа келген ол, сол жылдан бастап шәкір тәрбиелеуде аянбады. Міне, 13 жыл бойы дәл осы «Армандастардың» асқақтығын көруді армандап, сол көксеніне бүгін жеткендей… Таланты шәкірретрдің болашағына жол бастау үшін бар жігерін жұмсауда бүгініг күні де аянып жатқан жоқ.

Топтың белсенді би қоюшысы Динара Сейсенбаеваның жасы — 18-де. Болашығын бимен байланыстырған ару келешегін көркем де нәзік би түрін дәріптеумен, таңдаулы да танымал хореогроф болуымен ерекшелендіреді.  Десе де 11 жылдан астам уақытын бимен бірге өткізген Динараның бұ көздеген мақсаты да көңілге қонымды. Сондай-ақ топтағы 15 жасар Ералы Аяжан да биге 7 жасынан бастап қатысыпты. 8 жылдық тәжірибесі бар жеткіншек «Армандастардың» жетістігімен мақтанады. Аяжан да болашақта талантты да тәжірибелі хореогроф болсам, дейді.

Динара Сейсенбаева хореогроф болуды көздейді

Динара Сейсенбаева, «Армандастар» би ансамблінің би қоюшысы: «Әрине, мен 11 жылдан астам уақыт бойы бидің қыры мен сырын меңгердім. Десе де білгенім бір тоғыз… Сондықтан іздену мен мақсатымның маңызын жоғалпауым қажет. Ал қазіргі уақытта тек тәжірибе жинақтап, жаңа қимылдарды үйреніп, жалпы айтқанда «Армандастардың» қоржынындағы билерді толықтырудамыз. Алдағы уақытта Оңтүстік өңіріне өзге елдің билерін билеп, талантымызға тәнті етпекпіз. Міне, дәл қазіргі уақытта шығармашылық жұмыстармен кеңінен айналысудамыз. Көрермен қауымды жуырда жаңалықтармен қуантамыз деп ойлаймын.

Аяжан Ералы, «Армандастар» би тобының белсенді бишісі: «Бүгінде мен №72 мектептің 10-сыныбында оқимын. Десе де мамандық таңдап қойдым. Білетінім сол — мен би өнерінсіз өмірімді елестете алмаймын расында. Сондықтан хореогроф болуды көздеп отырмын.  Ең бастысы әр адам өз мамандығын сүйе білуі керек. Сонда өмірі мәнді де сәнді болатыны даусыз. Ал біздің жеткен жетістігіміз — менің жолымнан адаспағанымның длелі деп білемін.