Спортта чемпион болудан гөрі атағыңды сақтап қалу қиын деген тәмсіл бар. Кәсіпқой бокстың жарық жұлдызы Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағын абыроймен қорғады.
Лас-Вегаста өткен шаршы алаң бәсекесінде Шымкенттің жігіті мексикандық Энрике Орнеластан айласын асыра білді. Жекпе-жек 12 раундқа созылып, барлық төрешілердің шешімімен қазақ боксшысы жеңіс тойын тойлады.
Спорттық ғұмырын әуесқой бокста бастаған Б.Шүменов бұған дейін 13 кездесу өткізді. Оның 12-де (8-і нокаутпен) жеңіске жетіп, бір рет жеңілістің ащы дәмін татты.