Шымкенттік оқушы қыз бокстан әлем чемпионы атанды

467

Арменияның астанасы Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында шымкенттік Айсұлу Мұхит әлем чемпионы атанды.

66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз жастар мен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалында румыниялық Амалия Тугуяны 3:2 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы болды.

Айсұду Мұхит Шымкент қаласындағы №52 мектеп-лицейінің 9 «Е» сыныбында оқиды. Мектепте үздік оқушы, қоғамдық шаралар мен спорт үйірмелеріне (бокс, жүгіру, жеңіл атлетика) белсене қатысады. Қазақстан чемпионы, Халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Астана қаласында қараша айында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері

Айта кетейік, бұл – Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем біріншілігіндегі үшінші алтын жүлдесі. Осыған дейін Аяжан Садық (54 келі) және Толғанай Қасымхан (60 келі) жүлделі орынға ие болған еді.

Ескере кететін жайт, Ереванда жасөспірім қыздар арасындағы әлем біріншілігінде 3 бірдей жерлесіміздің чемпион атануы еліміздің бокс тарихындағы алғашқы оқиға.