Балалар мен үлкендерге жазғы демалыста әрі үйреншікті, сүйікті орынға айналған «Дельфин» аквасаябағы биыл қызмет көрсете алмауы мүмкін. Ондағы инфрақұрылым талапқай сай келмейді екен.
Сот шешімі 2008 жылы шыққан. Сол уақыттан бері әр жылы саябақтың қақпасы осымен бірнеше рет бұзылып, қайта жасалды. Бұл жолы сот орындаушылар көпшіліктің демалыс орнын шындап бұзуға кірісті.
Дельфиннің қожайыны бірнеше рет қалаға қажетті орынды сақтап қалу үшін соттасып, барлық деңгейде ұтып шыққанын айтады. Алайда, іс бітпепті. Сот орындаушылар көрсеткен құжатта мұндағы екі кафе, киім ауыстыратын орындар мен дәретхана, гольф алаңшасы- барлығын сырып тастау керек. Өйткені олар жеңіл конструкциямен емес, ауыр қырылыс материалдарымен жасалған.
Абай саябағында аквасаябақтан басқа да ғимараттар жеңіл материалдардан тұрғызылмағанын шымкенттіктердің барлығы жақсы біледі. Ал саябақ ерекше көзге түсіпті, Қысы — жазы жұмыс жасайтын түнгі клуб пен мейрамханалар емес, Аквасаябақ назарға алынған секілді.
Арада бір күн өткенде қала басшылығы Дельфинді сақтап қалудың нұсқаларын қарастыруға кірісті.