Күн ыстықта дәріңіз қалтаңызда болсын

320

Оңтүстікте ауа температурасы +40 градустан асып тұр. Аптап ыстықтың қан қысымы жоғары азаматтар үшін оңай соқпайтыны анық. Облыстық кардиоорталық дәрігерлерінің айтуынша, бүгінгі таңда жансақтау бөліміне жүрек-қан тамырлары ауруларымен түскен науқастардың саны 15 пайызға артқан.

Ал жедел жәрдем қызметін шақыртушылар арасында ыстық басталғалы бері жүрек-қан тамырлары бойынша дәрігерлік көмекке мұқтаж зәру жандар қатары 4,5 пайызға көбейіп отыр.

Осыған байланысты дәрігерлер күн астында ұзақ жүрмеуді ескертеді.

Айнұр Балабаева, облыстық кардиоорталықтың бас дәрігерінің орынбасары: «Қан қысымы жоғары азаматтар қалтасынан дәрі-дәрмегін тастамағаны абзал. Жүрек-қан тамырларымен ауыратындар Тромоасс, нитроглицерин секілді препараттарын тұрақты ішіп тұруды ұмытпауы керек. Дәрігердің нұсқауымен белгіленген қан сұйылтатын дәрілер жаныңызда жүрсін, әсіресе осындай ыстық ауа-райында».