Кабира Қарабалина: «Бетімдегі жара кеткенімен, жүрегімдегі жара жазылар емес»

457
Саяси қуғын-сүргін құрбандары

1937 жыл. 115 мың адам халық жауы атанды. Соның 25 мыңы атылды. «Халық жауы» деген қаралы тізімге ілінген жазықсыздар айуандықпен аяусыз тапталды. Олардың ішінде 2,5 мыңы Оңтүстікқазақстандықтар. Сол себепті республикамыздағы жалғыз мұражай да осы өңірден орын тепкен. Ал осы мұражайдағы “Саяси қуғын-сүргін” қиыншылық пен азаптың лебін сезіндіретін мүсін 2001 жылы орнатылған. Жан азабын дәйектейтін дүние заңсыз қудалнағандардың жанайқайын ұқтырғандай болады. Қасіреттің шері тарқамаған бейненің маңызы мол. Мәселен, қызыл кілем – құрбандардың төгілген қаны. Темір түйінділер – Алаштың антын ішкен азаматтардың құрбан болған темір торды елестетеді. Айта өтейік, осы орайда тоқсан тарау толқымалы тарих танымы өзгеріске ұшыраған.

Ханбибі Есенқарақызы, ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражының директоры: «Расында мынау “Қасірет” мемориалындағы “Албасты сай”, “Қайтпас” деген жер атаулары осы құрбандарға байланысты қойылған. Мәселен, “Албасты сайға” сол жазықсыз жандарды апарып атып, ол өлсін мейлі өлмесін көме берген. Міне, осы атау осы оқиғамен байланысты. Сол сұрапыл жылдары әйел, еркек демей барлығын айдауға салғанда кішкентай балалары көпшіліктен “қайда кетіп барады?” деп сұраған. Сол кезде олар: “Қайтпасқа” кетіп барады деген екен. Десе де бүгінгілер мұны өзгертіп алыпты. Бұл аталым жайында Кеңес үкіметі кезінде бір ұсталар талмай-тынбай еңбектенгенді-мыс. Оларға қайт десеңде қайтпайды екен. Салдарынан “Қайтпас” пайда болыпты, дейді. Бұл қауесеттің барлығы да жалған!»

Бүгінде Алматы қаласында тұратын Кабира Қарабалина жер жастанған әке-шешесін саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына келіп еске алады. Себебі де белгілі. Тіпті басына көк тас қоюға мүмкіндігі жоқ оның шер тарқатар орны мұражай болғаны қашан. Бүгінде қызы мен шөбересін ерте келген кейуана әке-шешесінің рухына тағзым етті.

Естелік суреттерге қарап шағым айтудан басқа шарасы жоқ.

“Уақыт – емші” дегенімен орны толмас өкініш – көз қуанышынан айырды апаны. Ата-анасын жалмап, қасірет әкелген қаралы күн еш естен кетпейді,- дейді Кабира Қарабалина.-Шынымды айтсам, қайда жүрсемде , не жасасам да есімнен сол бір жылдар кетер емес. Бетімдегі айшықты жара жазылғанымен, жүрегімдегі жараны жаза алар емеспін. Қанша кесіп алсаң да ұмытылмайды санамнан. Әкем мен шешемнің орнын ештеңе баса алмайды. Көз жасымды көл қылып жылаудан өзге амалым қалмады».