Күн ысығалы бауырымен жорғалаушылар белсене түсті. Мысалы, жыландар. Олардың аулалар мен үйлерге кіріп кетуі де кездесуде. Кешегі бір күннің ішінде құтқарушыларға осындай 3 қоңырау түскен.
Дәрігерлер «жаман айтпай, жақсы жоқ» дейді. Әзірше, жыланнан зардап шеккен адам жоқ, алайда, бірнеше адамды қарақұрт шағып үлгерген.
Ал құтқарушылар шілде түскен соң құрт-құмырсқалар бұрынғыдан да белсенеді деп, әзір отыр. Сондықтан, тұрғындарды абай болуға шақырады.