Қазығұртта тауда адасқан азамат құтқарылды

51
Фото Түркістан облысы ТЖД

1741 метр биіктікке шығып адасып кеткен тұрғындар құтқарылды. Олар Қазығұр тауының шыңын бағындыруға шыққан. Оқиға кешкі сағат 19:10-да Атбұлақ ауылынан 8 км қашықтықта орын алған. Төтеншеліктер қауіпті жағдайға тап болған 1958 жылғы азаматқа көмек берді.

Демалуға барған бір топ азаматтың бірі тобынан адасып, өз бетінше қайтып діттеген жеріне жете алмаған. Тауда адасып қалған азаматқа дер кезінде жеткен ТЖД күштерімен жедел медициналық жәрдем беріп, эвакуациялады.

«Таудағы қауіпсіздік ережелерін еске саламыз. Тауға шығар алдында маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеп, сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыздар», – дейді төтеншеліктер.

ТЖД құтқарушылары тауда қалған туристерге барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Тауға шыққан кезде сізге қажет: дене даярлығын есептеңіз, құтқару қызметтерінің ұсыныстарын ескеріңіз: ауа-райы жағдайлары, көшкін қаупі деңгейі, таудағы серуенге өзіңізге қажетті заттармен қамтамасыз етіңіз: пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңке, су, қосымша жылы киім-кешек, GPS навигаторы.