ОҚО-да ішінде 38 жолаушысы болған автобус аударылып кетті

130

Облысымыздың Бірлік-Шардара жоланда кетіп бара жатқан автобус апатқа ұшырады.

Сарыағаш ауданында ішінде 38 жолаушысы бар автобусы аударылып кетті деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Алматы, Сарыағаш, Шардараның азаматтары болған оқыс оқиға салдарынан 52 жастағы жолаушы көз жұмып, тағы 5 адам ауруханаға жеткізілген. Қатты қираған автобустың ішінен адамдарды алып шығу үшін құтқарушыларды шақыртуға тура келген.

Алдын ала болжамға сәйкес, автобус жүргізушісі бұрылыс кезінде рөлге ие бола алмай қалған.