Шымкент көшелерінің қай жерінде мерзімдік бау-бақша өнімдерін саудаланатыны туралы қала басшылығы әлі шешім шығарған жоқ. Алайда, жол жиегіне отырып, қарбыз сатқандардың қатары көбейіп барады. Сол қарбыздадың сапасы қандай деген сауалға жауап іздеп көрдік.
Биыл қаламызға бақша өнімдері ерте әкеліне бастады. Оның ішінде қарбыз мамыр айында-ақ сауда сөрелеріне шығыпты. Әдеттегідей, ол көше саудасының қарқын алуына себеп. Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, ол заңсыз болып есептеледі. Қала әкімдігінің сауда бөлімі мерзімдік бау бақша өнімдерін саудалайтын орындарды әлі нақтылаған жоқ, оған әлі уақыт қажет дейді.
Аудан әкімдіктерінен тапсырыс жинақтап жатырмыз биылғы ерекшелік барлық сауда орындарындағы дүңгіршектерді бір үлгіде етпекпіз.
Ал көтерме сауда орталығы саналатын «Алаш» базарына күніне 5,6 жүк көлігіне тиелген бақша өнімдері әкелінеді. Қарбызды Жетісайдан жеткізіп жатырмыз дейді саудагерлер. Бір қызығы, алғашқыда құны аспандап тұратын жемістің құны әр келісіне небары 50 теңге. Алғашқы кеде 150 тенгеден сатылыпты.
Қаладағы қарбыздың адам ағзасына зияндығын аудандық СЭҚ басқармалары осы күнге дейін зертханалық тексеруден өткізбепті, есесіне базардағы зертхана мамандары бір де бір өнімді сараптамасыз сатуға рұқсат етпейміз деп сендіріп отыр.
Мүндай өнімді пайдалануға әбден болады, дегенмен көп мөлшерде емес. Өйткені, адам ағзасына зиянды болуы мүмкін деп кеңес береді зертхана мамандары.