Шымкентте 30-жастағы ер адам өзін және отбасын өртеп жіберді. Жаға ұстатар жағдай демалыс күні орын алды. Жанжалдың салдарынан туындаған түйткіл өрт сөндірушілер полиция қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызды. 

Оқиға кешкі сағат 8-дер шамасында орын алған. 1982 жылы туылған шымкенттік тұрғын отбасылық жанжалдың салдарынан пәтерде өзін және отбасы мүшелерін бензинмен өртеп жіберген. Бірден шарпыған жалынның аумағы 16 шаршы метрді құрады. Сөйтіп, отбасының 4 бірдей мүшесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.

Зардап шеккендердің ересегі 48 жастағы әйел болса, кішкентайы 7 жасар бала. Бүлдіршіннің денесінің 90 пайызын күйік шалған. Оқиға 30 жастағы еркектің кезекті жанжалдан соң төркініне тайып тұрған әйелін іздеп келуінен туындаған. Бәтуаға келе алмаған отағасы әйелі мен баласының қолынан ұстап, бензин шашып, өзін қоса өртейді. Құтқарамын деп келген енесін де жартылай күйік шалады. Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Ашу үстінде ақылынан алжасқан отағасының осы әрекетіне қатысты іспен қазір Еңбекші аудандық ПБ айналысып жатыр. Оған бірнеше адамның өміріне қастандық жасалды деген айып тағылған.