Шымкентте сауда дүкенінен өрт шықты

301

Дәйексіз деректерге сүйенсек, орталық сауда дүкенінің 2-қабатынан өрт шыққан. Зардап шеккендер бар. 101 номеріне хабарласқандар болмаған. Бірақ куәгерлердің айтуынша, сауда орталығының қызметкерлері кешкі сағат 18.00-де дүкендергілерді эвакуациялауға көшкен. Ал екінші қабаттан қара түтін шыққанын куәгерлер көрген.

Түсіру тобы сағат 19.00-де жеткенімен, Шымкент орталық сауда дүкені жабық тұрған. Ал тілшілердің сұрастыруына күзетшілер оқу-жаттығу жүріп жатыр деген сөзді ғана айтты.