«Жанкүйерлерге қажетті жағдай жасалынбаса стадионға келмейміз!». Бұл оңтүстік жанкүйерлерінің жан айқайы. Трибунаға жиналған халықты жасыл алаңдағы футболшылардың ойыны емес, стадионның құрылысы аса толғандыруда. Өйткені, күннің ыстығында футбол тамашалау мүмкін болмай отыр. Ал денсаулығында ахауы бар жерлестеріміз үшін, тіпті өміріне де қауіпті.
Сүйірқұл аға, жанкүйер: «Ойын жақсы. Бірақ біздің жағдайымыз оңып тұрған жоқ. Қан қысымым — 200-ге дейін көтеріліп отыр. Күн ыстық. Стадионның төбесі жабылмаған. Енді қайтпекпіз».
Жанкүйер: «Бұл құрылысқа жауаптыларды осында, біздің арамызға, отырғызу қажет. Сол кезде мүмкін түсінер. Қанша жылдан бері құрылыс болады деп уәде беріп келеді. Қайда оның бәрі??? Осылай күннің астында отыратын болсақ, келесі жолы тіптен келмейміз. Бос стадионда өткізсін ойындарын».
Алайда, бұл өтініш жақын күндері іске аса қоймайтынына көз жеткізген жанкүйерлер көп ұзамай жасыл алаңға назарын аударды. Ордабасылықтар оқжетпестің қақапысн бағындыруға тырысуда. Ойынның 31-ші минутында оңтүстік құрамасының жас ойыншысы есепті ашты.
Гол салған мезетте жанкүйерлер күннің ыстығын да естен шығарып, командасының кезекті гол соғуын талап етуде. Ордабасылықтардың шабуылы да күшее түсті.
Алайда қақпаға гол соғылар емес. Ал Мансур Гуйенің шабуылы, қақпа алдындағы қателіктермен ұласса да ойынның тартысты өтуіне өз үлесін қосты.
Ордабасылықтар бүгінде турнирлік кестенің алтыншы сатысына орналасқан. Қоржынында 22 ұпай бар. Ал келесі матч ел ордалық команедамен астанада өтеді. Жеңіске жеткен күнде екі үші сатыға жоғарылауымыз әбден мүмкін.