«Теміржолды талқандауға болмайды». Еңбекші аудандық әкімдігінің СЭҚБ мен полицейлер бірігіп осындай атпен бүгін акция ұйымдастырды. Вокзал маңын мекендеген 62 үйдің тұрғындары барлық шайынды суларын стратегиялық маңызы бар нысанға қарай ағызған. Салдарынан пойыз жолы ластанды. Бүгін ескерту қағазы таратылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру жұмысын жүргізіп қолдарына қағаз алғанан кейін үй иелері шайынды суды теміржолға қарай ағызуды доғаруы тиіс. Олай болмаған жағыдайда әкімшілік кодекісінің 365 бабына сай 8 мың теңге айып салынады. Ал сасық суды тоқтатудың жолы арнайы септик қазу қажет.
Бұл жолы тұрғындардың үстінен еңбекші ауданының әкімдігіне темір жол станциясының әкімшілігі тарапынан шағым жазылған. Өткен жылы теміржолдың төңіреген қоқыс алаңына айналдырған тұрғындармен айқасып жеңе алмаған станция басшылары қоқыс қалдығын өз күштерімен тазалағын нәтижесінде бір мың кубқа жуық қоқыс шығарылған.
Ескерту қағазында жазылған 30 күн өтісімен мамандар мұнда қайта келмек. Заңға бағынғысы келмегендерге қолданылатын шара қатаң болмақ. Себеп темір жол стратегиялық маңызды нысан болып есептеледі.