Таукент мамандандырылған прокуроры жер заңнамасын бұзған заңды тұлғаны анықтады. «Аппақ» ЖШС-нде қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңның қолданылуына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында, ҚР-ның «Жер» кодексінің 3 бабының талаптары бұзылғаны анықталды.
«Аппақ» ЖШС-де орналасқан кен орнында уран шығаратын жерді барлау және оны өндіру үшін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 20.12.2010 жылғы №427 қаулысы негізінде уақытша өтеулі ұзақ мерзімге пайдалану құқығы 20 жылға берілген 1483 га «Песчанный» жер учаскесінің белгілеу бұрыштамасынан 21,6 шаршы метр жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу арқылы пайдалану жағдайлары анықталған.
Осыған орай, орын алған оқиға бойынша мамандандырылған прокуратурамен ҚР ӘҚБтК-нің 118 бабымен әкімшілік іс қозғалып, оны қарау қорытындысымен «Аппақ» ЖШС-не 550 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 889 900 теңге айыппұл салынып, аталған айыппұл толығымен төленген.