Ертегідегі негізгі кейіпкердің бірі - дихан
Ертегідегі негізгі кейіпкердің бірі – дихан

Облыстық қуыршақ театры 29-шы театр маусымының шымылдығын жапты. Кішкентай көрермендердің назарына жазушы Дулат Исабековтің «Киелі алма» спектаклі ұсынылды. Дулат Исабековтың 70 жылдығына орай таңдап алынған туынды осыдан 8 жыл бұрын алғаш рет қойылған. Бұл жолы жаңаша рең беріп, қайта өңделген шығарманың маңызы зор дейді қоюшы режиссер.

Қойылымның мақсаты, өсіп келе жатқан ұрпақты өзімшілдіктің орға жығатынын, мансапқорлықтың өзге баспайтынын, зұлымдықтың өрісінің тар екенін айта келе, жас жеткіншектерге тәрбиелік мәні өте зор қойылым. Ертегі сабырлылық пен төзімділікке, адалдық пен еңбекқорлыққа шақырады. Сондықтан маусымның жабылуында қайта қойып отырмыз»,- дейді ертегінің қоюшы режиссері Мақпал Майлыбаева.

48 минуттық қойылымның қоюшы суретшісі МаярАсанқызы, ал композиторы Алдамұрат Көшербаев. Ертегі диханшы мен Сүлеймен патша, Ібіліс және оның көмекшілерінің ір әрекеттері арқылы өрбіп отырады. Диханшының өсірген сиқырлы алмасына таласқан Сүлеймен патша Мәңгілік өсір сүремін деп, жолындағының көздерін құртуға кіріседі. Басты рөльдерді Толқынай Өмірзаққызы, Нұржан Рүстембеков, Ұлжалғас Тәшібекқызы, т.б. өзге де әртістер сомдайды. Адалдық пен еңбекқорлықты бағалауға тәрбиелейтін қойылымды тамашалуға балалар үйінің бүлдіршіндері келді.

«Мен қуыршақ театрына алғаш рет келдім. Мұндағы қуыршақтар, олардың киімдері мен айтқан өлеңдері қатты ұнады. Іс-әрекеттері де қызық. Сондықтан келесе маусымда тағы да келмекшімін»,-дейді үшінші сыныпты бітірген Сабрина Ерманова.

Театр жазғы демалыстан соң көрермендермен күзде қайта қауышады. Қоржынында 60- тан аса қойылым мен 200-дей қуыршақтары бар ұжым жаңа маусымға «Үй іздеген лақ» атты жаңа дүниені дайындауды жоспарлап отыр.