Жаңалықтар 

Бастауыш сыныптарға ағылшын тілі енгізілмек

Өткенді қорытындылау мен алдағы оқу жылына қатысты бағыт-бағдарды айқындау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Тамыз кеңесі» биыл да өз жалғасын тапты. Облыстың барлық аудандарынан келген ұстаздар қауымы мен өңір басшылары келелі кеңес барысында атқарылған істер мен болашақта неге мән беру керектігін сарапқа салды. Баяндама жасаған облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Серік Әуесханов Елбасының тапсырмасына сай «бүкіл жаңғырту үдерісінің табысқа жетуінің түйінді факторы ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың табысты өтуі болып табылады»,- деді. Сөз алғандардың арасында Түркістан дарынды балаларға арналған мектептің директоры Қуаныш Бәйшенов Білім және ғылым министрлігінен арнайы қатысып отырған шенеунікке…

Read More
Жаңалықтар 

Қошқарата өзені бойындағы үйлер бұзылады

Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы 15 тамыз 2012 ж. №431 Шымкент қаласы Жер учаскесін мемлекеттік мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-маусымдағы № 442-11 Жер кодексінің 84-бабының 1, 2-тармағына және 89-бабына сәйкес, 2011 жылғы 1-наурыздағы №413-IV Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының Заңының 6-тарауына, 2012 жылғы 17 шілдедегі №20/3097, 10-мамырдағы №20/2342 және 15-ақпандағы №20/606 сәулет және қала құрылысы бөлімінің хаттарына қарап, Шымкент қаласы Бас жоспары негізінде және мемлекеттік маңызы бар нысан құрылысын салу бойынша мемлекеттік қажеттерге байланысты…

Read More
Жаңалықтар 

Иіссу таңдай біліңіз

Иіссу бізді романтикалы, өз-өзіне сенімді, арманшыл, өмірсүйгіш әрі сұлу етіп көрсетеді. Сондай-ақ, ел аузында әркімнің өзіне тән иіссуы бар деген әңгімелер аз айтылмайды. Бірақ, өз иісіңізді табуда ешкім сізге дөп басып кеңес бере алмайды. Себебі, әрбір адамның табиғи иісіне байланысты кез келген әтір міндетті түрде өзгереді. Сондықтан да бір дегеннен таңдау жасай салу оңай шаруа емес. Сонда өз иіссуыңызды қалай табасыз? Қазір жұпардың мыңдаған түрі бар. Олар бағасына, иісіне, дизайнына қарап бөлінеді. Сатып алушы талғамы мен мүмкіндігіне қарай таңдау жасайды. Бірақ, дүкенде ұнаған иіссу кейін басыңызды ауыртып, жүрегіңізді айнытуы мүмкін….

Read More

Шымкентте бір адамға бір талдан келеді

Шымкентті жасыл желекпен көмкеру ісі жыл санап қарқын ала бастағаны белгілі. Алайда, көшеттері қайдан алынады деген сауал көптің көкейінде жүрсе керек. Сауалға жауап іздесек ОҚО-да осы іспен бүгінде тоғыз мекеме айналысады екен. Ал сондағы көшеттердің 70%-ын Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мекемесі өсіреді. Тұқымбақта бүгінгі күні 40 түрлі жас өскін түрі күтіп-бапталады. Негізінен, Шымкентті жасыл желекпен көмкеруге жыл сайын 1,5 млн. көшет тұқымы отырғызылады екен. Бұл облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен болып отырған іс. «Жасыл желек» мемлекеттік мекемесі 2005 жылдан бастап өз алдына отау құрып, жұмыс істеп…

Read More
Спорт 

Неге олжасыз оралдық?

Төрт жылда бір келетін спорт додасынан Оңтүстік өрендері жүлдесіз оралды. Додаға үкілеп қосқан үміттеріміз сенімді ақтай алған жоқ. Бірінің бағы жанбаса, енді біреуінің бабы келіспегенін көрдік. Олимпиада ойындарында жеңісті дәстүрі бар Оңтүстік спортшылары неден сүрінді? Лондон олимпиадасына дайындығымыз Бейжің ойындарынан кейін-ақ басталған. Ауыр атлет Алла Важенинаның күмісі, Елена Шалыгина мен Еркебұлан Шыналиевтің қола жүлдесі үмітімізді оятты. Ақсүйектер еліне тыңғылықты дайындық жүргізу үшін жоспар түзілген. Осы мақсатқа қыруар қаржы құйылып, спортшыларымыз дайындық жұмысынан, ас-судан таршылық көрген жоқ. Барлық дайындық жұмыстары көңілге қонымды еді. Сайыпқырандарымыздың әлеуетін бажайлап, басы-қасында жүрген облыс спортының басшысы…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкент қаласының бюджетіне өзгеріс енгізілді

Депутаттар республикалық және облыстық бюджеттен қосымша бөлінген 1 миллиард 400 млн теңгені жоғарыдан қысқартуға келісімін берді. Бағдарлама әкімшіліктерінің сұраныстарына сәйкес, қаржы бір бюджеттік бағдарламадан екінші бағдарламаға ауыстырылды. «Жайлау» шағын ауданындағы 300 орындық, «Ворошиловкадағы» 1200 және «Құрсай» елдімекеніндегі қирағалы тұрған ескі мектептің орынына бой көтеретін 900 орындық білім мекемелерінің құрылысына қаржы бөлінетін болды. Бұдан бөлек Шымкенттегі жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың инженерлік инфрақұрылымына қаралған қаржыдан 1 миллиард 400 милион теңге қайтарылып, оған бірнеше шағынаудандарға ауыз су жүйелері мен көгілдір отын құбырлары тартылады. Қалалық мәслихат депутаттарының қала қазынасынан бөлінген 30 милион теңгенің мақсатты…

Read More