Қайрат Нұртас фильмге түсер актер іздестіруде

Әнші Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртас фильм түсіруге кірісті. Өзі жайында түсірілгелі жатқан туындыға әнші қасына жақын дос болар актер іздеcтіріп жатыр. Егер сәтін салса жаңа фильмді түсіру бірер күнде басталады деп күтілуде. Қайраттың шығармашылығындағы тағы бір жаңалығы — ол Ақтау, Атырау қалаларында концерттік кештер берді.

Гүлзира Үсынқызы, Қайраттың анасы, әрі продюсері: «Атырауға бір күнге барған біз халықтың сұранысымен төрт күн қатарынан концерт бердік. Халық концертке өте көп жиналды. Тіпті сыймай қалғандарда болды. Екі күнге барған біз керісінше 4 күн қатарынан концерт ұйымдастырдық. Әрине барлығы тындармандар үшін. Ал қайтатын күні бізге жергілікті телеарналардың бірінен хабарласып, өтініш жасады. 12 операция жасалған 10 жасар мүгедек бала Қайратты көргісі келетінін айтыпты. Оның жағдайын ескере келе барлық жұмыстарымызды кейінге ысырып баланың үйіне бет бұрдық. Төсек тартып жатқан кішкентай балапанның Қайратты көріп қуанғанын көрсеңіздер ғой. Қолымыздан келгенше қаржымызды, үн таспалармен Қайраттың суреттерін бердік. Әрине өкінішті жағдай, бірақ қолдан келер шара болмаған соң көндігеді екенсің. Қазір Қайрат белсенді түрде өзі жайында түсірілетін киноның жұмыстарына кіріспек. Өйткені ұзаққа созылған түсірілімді ендігі жерде бастау керек болып тұр».

Жаңа фильімге кастинг жарияланды. Ал фильмнің атауы әзірге ойлап табылмады. Продюсердің айтуынша,  Қайратты халыққа танытқан әндерінің бірімен аталуы мүмкін.