Лондон олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғауға аттанған он алты спортшыныңы бірі, ауыр атлетші Зульфия Чиншанло алтынға қол жеткізді. Ең жас спортшы 53 келі зілтемірді иығына асып, Қазақстанның қоржынына велошабандоз Винокуровтан кейінгі екінші алтын медельды салды. Өжет те, батыл, 16 жасында мықтылығын дәлелдеген Зульфия бұл жолы да өзгелерден оқ бойы озып, 131 келі кір тасты бағындырып, Олимпиада Чемпионы атанды.
Олимпиадада алтынға қол жеткізетін спортшыларды санамалаған сәуегейлердің де болжамы орындалғандай. Намысты қолдан бермеген ауыр атлетші қызымыз жаңа рекорд жасады. Осылайша Қазақстан алтын медаль саны бойынша тортинши орында. Енді қазақстандықтар ерлер арасындағы ауыр атлетші Илья Илиннен де алтын күтеді!