Абай саябағының аумағында орналасқан мына теннис кордының құрылысы сағызшы созылып келе жатқанына 4 жылдың жүзі болды. Жоба бойынша үлкен кешенде 12 ашық кордт, оның сегізі топырақты жағыны бар алаң және кешенннің ішінде 4 корд бар. Бүгінде ол құрылыс аяқталуға жақын. Ұсақ түйегі қалған екен. Құрылысқа жауапты хорваттық «Концепт-90» компаниясы. Құрылыстың сапасы мен материалға шүбә келтірмеңіздер дейді мердігерлер.
Антон Радионов, «Концепт-90» компаниысының Қазақстандағы өкілдігінің директоры: «Көріп тұрғандарыңыздай көбі кетіп азы қалды. Құрылыс барысында проблема көп еді. Барлығы қаржыға келіп тіреледі. Мұндай кешенді 10 айда бітіріуге болар еді. Бірақ, әр жылы қаржыны бөліп бөқліп беріп енді бітірдік. Енді тек газ жүргізу ғана қалды.
Жақында бітпеген құрылыс үстінен ашық алаңда халықаралық жарыс өткізіп те көрдік. Облысымызда 2 теннис мектебінде 250 бала жаттығады. Болашақта бұл кешен Азия елдерінің теннисшілері оқу жаттығу жиындарын өткізуге болатын мүмкіндігіміз болады. Бастысы ірі халықаралық жарыстар өзімізде ұйымдастырылып, өсіп келе жатқан балғындарға қала араламай ақ тәжірибе жинақтауға жол ашылмақ. Әзірге жергілікті теннисшілер Сұңқар кешенін жалға алып жаттығуда.
Раших Хасанов, ОҚО теннис мектебінің директоры: «Теннис орталығының сырты да іші де корттарының құрылысы аяқталған. Қазақстан бойынша теннистің дамуы мақсатында барлық жақта құрылыс жүргізілді. Біз бірінші болып бастаған едік. Ең соңғы болып аяқтайын деп тұрмыз. Алла бұйыртса, балалар жаттығып, ірі турнирлер өткіземіз. Халықаралық стандартқа сай соғылғандықтан, біздің бұл кешен мақтанышымыз болмақ».
Теннис корды пайдалануға берілсе, Шымкенттіктер қыркүйекте мұнда жарыс ұйымдастыруды көздеп отыр. Қыздар арасында фючерс жарысы және жеткіншектер арасында да турнир осы орталықта өтеді. 25 мың доллар жүлде қоры бар сайысқа келген қонақтарға теннис корды кешенінде барлық жағдай жасалған. Ал әзірге кордқа бөтендерге кіруге рұқсат жоқ болып тұр.