қауіпті автобус
қауіпті автобус

Алматыдан Шымкентке қарай бет алған автобус аударылып кетті. Апат Түлкібас ауданында болған. Салонында аз емес 30 жолаушысы бар екен. Оқиға орнына барған полицейлер халықаралық және қала аралық бағыттағы қоғамдық көліктердің жол ережісі мен жолаушылар қауіпсіздігіне пысқырмайтынын анықтады.

Жол апатының соңғы бұдан да ауыр жағдаймен аяқталар ма еді, егерде ағашқа соқтығыспағанда. Жүргізуші көлігін басқара алмай қалып, 30 адамның өміріне қауіп төнген. Қуанышқа орай адам шығыны жоқ. Үш адамға медициналық көмек қажет болды. Дәрігерлер орындықтар жатын болмағанда жолаушылардың көбінің омыртқасы сынып, дене жарақатын алар еді дейді. Ал бейнекамераны көрген автобус жүргізушісі жағдайды түсіндірместен, көлік нөмірін жасыруға кірісті.

Ұзақ жол жүретін жолаушыларға ыңғайлы болсын деп жүргізуші салон ішін өздігінше өзгерткен. Бұл көлік жылдамдығына әсер етеді дейді полиция қызметкерлері. Кешқұрым жүргізілген рейдің нәтижесінде жол мамандары халықаралық бағытта қатынайтын көліктердің тек бірен-саранында ғана ереже сақталғандығын анықтады. Екі сағат ішінде полицейлер жақтау терезелері шытынаған, қақпақтары қажалған, техникалық байқаудан өтпеген 50-ден аса көлікті тіркеді.

«Жолаушылар тасымалдайтын көлік иелері салонның ішін өзгертеді және шамадан тыс жүк тиейтін көрінеді. Сонымен бірге жылдамдықты арттырып, бір-бірінен озуға тырысады.Нәтижесінде жол апаттары орын алып, адамдар зардап шегеді дейді,  ОҚО ЖПБ батальон командирі Бақытжан Мырзәлиев.

рейд

Алайда рейд барысында полиция қызметкерлері тек ескерту берумен шектелді. Өрескел ереже бұзушылықтарға орын бергеніне қарамастан, жолаушылар өміріне қауіп төндірген көліктер айыптұрағына жөнелтілмеді. Жүргізушілердің өзі де жол ережесін білмейтін жастардың көлікке тәжірбиесіз отыратындығын растайды. Ал көлік инспекциясының мәліметі бойынша тасымалдаушылардың 75 % заңсыз жұмыс істеп жүр. Ал облыс жолдарында жолаушылар тасымалдайтын көліктердің қатысуымен жарты жыл ішінде 20 апат болған. 19 адам қайтыс болып, 40 жан түрлі дәрежедегі жарақат алған.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6qfn382nSeM[/youtube]